Іс-шара барысында оқушылары отбасы, ата мен әженің орны туралы сахналық көрініс қойды
«Қарттарым – асыл қазынам». Бүгін осындай тақырыппен Алматыдағы мектептердің бірінде тәрбиелік іс-шара өтті. Қарттар айлығы аясында ұйымдастырылған жиынға Алатау ауданының құрметті ардагерлері, ата-аналар мен жастар қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Іс-шара барысында мектеп оқушылары отбасы, ата мен әженің орны туралы сахналық көріністер қойып, қариялар жайлы өлеңдер оқыды. Ақ жаулықты аналар мен ақсақалдарға ерекше ілтипат білдіріп, құрмет көрсетті.
«Тәрбиелік мәні өте зор. Тәрбие негізі – отбасынан басталады. Аталарымыз бен апаларымыз – біздің қазынамыз. Олардың бойында жақсы қасиеттері бар. Сол қасиеттерді баланың бойына дарыту мақсатында және осы бір іс-шараны ұйымдастыру 25 қазан – ұлық мерекемізге орай ұйымдастырдық», – деді №152 мектеп-гимназияның директоры Рима Әбдікәрімова.