Томирис Байсафаның анасы Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрады

20.03.2021 20:13

Бұл туралы Жанна Ахметова Instgram-да жазды

Фото: tengrinews.kz

Мәскеуде қаза болған студент Томирис Байсафаның анасы Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрады. Ол Мемлекет басшысынан сот ісі әділ қаралуын және алқабилерге жасалуы мүмкін қысымды болдырмауды Ресей тарапына жеткізуді сұрады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Жанна Ахметова Instgram-да жазды.

Ол тергеу аяқталғанын, М. Меджидовтың кінәсі толық дәлелденгенін айтты. Айыптау қорытындысын прокуратура мақұлдады. Мәскеу қаласының Никулин аудандық сотында алдын ала отырыс 2021 жылдың 23 наурызына жоспарланғанын айтты.

«Тергеу тобы және мен алқабилерге қысым жасалуы мүмкін деп ойлаймыз. Біздің және Бас тергеу басқармасының еңбегі еш кетуі мүмкін деген алаңдаушылық бар», – деп жазды Ахметова.