Олар Австрия еліне іссапармен барған
Алматыда «Зорлық-зомбылық жоқ қоғам» әлеуметтік жобасының аясында қоғам белсенділері, заңгерлер мен мемлекеттік органдар жиын өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл жолы мамандар жақында іс-сапармен барған Австрия елінің зорлықпен күрес тәжірибесін талқылады. Басқосуда елдегі тұрмыстық және психологиялық деңгейдегі азғындықты түбегейлі жою үшін ұсыныстар айтылды. Онымен күресу профилактикасын білім беру мекемелеріне енгізу ұсынылды.
– Жақында Австрия еліне жұмыс сапарымен бардық. Өйткені, бұл – зорлық-зомбылықпен күрестегі ең озық елдердің бірі. Олардың білімін, тәжірибесін қолданғымыз келеді. Ол жақта әйел мен балаларды қорғау халықтың санасына сіңіп кеткен. Бүгінгі іс-шараның асында көп ұсыныс айтылды. Өскелең ұрпаққа зорлыққа қарсы тұрып, ашық айтуды үндеу, оны қалыптастыру үшін жоба мен оқулықтар дайындау жоспарланып отыр, – деді білім орталығының бас директоры Наталья Мұхамеджанова.
Оқи отырыңыз: Шымкентте жалған полицейлер ұсталды