Наурызбай ауданында 5 жүзден астам көмекке мұқтаж отбасына тегін маска таратылды

28.04.2020 20:15

Әлеуметтік санатқа көмек беруде қалалық «Нұр Отан» партиясы қызметкерлері мен бірге еріктілер де белсенді жұмыс істеп келеді

Almaty.tv


Наурызбай ауданында 5 жүзден астам көмекке мұқтаж отбасына тегін маска таратылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әлеуметтік санатқа көмек беруде қалалық «Нұр Отан» партиясы қызметкерлері мен бірге еріктілер де белсенді жұмыс істеп келеді. Елімізде төтенше жағдай басталғалы бері аудандағы 2 мыңнан астам отбасы азық-түлік көмегін алды. Қайырымдылық іс Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Біз біргеміз» республикалық қоры аясында жүргізіліп жатыр. Еске сала кетейік, осы қордан Алматыға барлығы 2 млн бетперде әкелінген болатын. Бүгінде оның жартысынан көбі үлестірілді.

«Бүгінде Наурызбай ауданы бойынша 2672 отбасы бар. Бұған дейін біз олардың 2306 отбасыны азық-түлікпен қамтамассыз еттік. Бүгін осы іс-шараны ары қарай жалғасытырып жатырмыз. Бүгінгі таңда осы маскамен 1558 отбасы қамтылды», – деді «Нұр Отан»  партиясының Наурызбай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ербол КҮМІСХОДЖАЕВ.