Медицина қызметкерлері түрлі зерттеулер өткізді, алайда балаға әлі нақты диагноз қоя алмай жатыр
Қарағандыда екі жастағы қыз ұйықтап кетіп, сол күйі ояна алмай жатыр. Осыған қарамастан, ол ауырсынуды, қолдың тигенін сезеді, тістері шығып, салмақ қосуда. Бұл жағдайды дәрігерлер де түсінбей отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Үздік медициналық орталықтардың невролог мамандары онлайн кеңес өткізіп, сегіз айдан бері жалғасып келе жатқан ұзақ ұйқының себебін таба алмай жатыр.
Медицина қызметкерлері түрлі зерттеулер өткізді, алайда балаға нақты диагноз қоя алмауда.
Баланың ана құрсағында жатып ауру жұқтырғаны миы мен оның негізгі функцияларына әсер етуі мүмкін деген болжам ғана бар.
Бірақ, Аяулым төрт айға толғанда дәрігерлер оны құрсақ ішілік ауруынан толық емдеген.
Бүлдіршін ойыншықтарды өзі ұстап, еңбектеп, тәй-тәй басып, барлық дыбыс пен жарықты сезініп, белсенді өсіп келе жатыпты.
Қайғылы оқиға өткен жылдың желтоқсанында болған. Аяулымның түрі солғын болған соң, оны демалсын деп жатқызыпты. Бірақ, ол таңертең оянбаған. Сәби көзін ашады, бірақ көзінің қарашығы ойнап тұрады.
Қазіргі таңда бүлдіршін облыстық клиникалық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Мәскеулік мамандар баланы қарап, оған қажетті медициналық жәрдем көрсетуге дайын. Алайда, олардың қызметі ақылы.
Қарағандыға жақында мемлекет басшысының көмекшісі Аида Балаева келіп, қыздың анасы Шынар Бекмағамбетовамен кездесті.
Ол Балаева ханымнан үкіметтік деңгейде көмектесіп, Қарағандыға мәскеулік дәрігерлерді әкелуін өтінді. Аида Балаева жағдайды Денсаулық сақтау министрлігіне жеткізуге уәде берді.