Жақсылық Үшкемпіров күрес түрлерінен қазақ жастары арасынан бірінші болып олимпиада алтынын жеңген даңқты балуан
Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров өмірден озды. Бұл туралы Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясына сілтеме жасап, Almaty.tv хабарлайды.
Жақсылық Үшкемпіров 1951 жылы 6 мамырда Қазақ КСР, Жамбыл облысы, Свердловск ауданы, Чапаев кеңшарында дүниеге келген. Ол грек-рим күресінің палуаны, спорт шебері (1971), Халықаралық спорт шебері (1975), Еңбек сіңірген спорт шебері (1980), алтын медальге иеленген қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы (Мәскеу, 1980), Әлем чемпионы (1981), әлем кубогының күміс жүлдегері (1982), екі дүркін Кеңес Одағының чемпионы (1975, 1980), Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы болған.
«Алматы» телеарнасының ұжымы Жақсылық Үшкемпіровтың отбасына, туған-туыстарына, жақындарына қайғырып көңіл айтады.