Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарының қорытындысы шықты

13.12.2021 20:21

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында сыбайлас жемқорлықпен күресу жолында еңбек сіңірген қызметкерлер марапатталды

Almaty.tv

Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарының жылдық қорытындысы шықты. Әділет департаментінде өткен жиынға заң саласының қызметкерлері қатысып, кеңестің жаңа құрамымен таныстырды. Сондай-ақ Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында сыбайлас жемқорлықпен күресу жолында еңбек сіңірген қызметкерлерді марапаттады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Жиында жеке сот орындаушыларының да жұмысын қараймыз. Біз оларды көптен бері күттік. Олар есеп беріп, жұмыс нәтижесін көрсетеді. Сондай-ақ жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа жоспарын талқылаймыз. Жемқорлықпен күресу әр азаматтың міндеті деп білемін», – деді Әділет департаменті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңестің төрағасы Александр Белянов.