Макаров қаруынан ату сайысы халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған
Алматы облысында үздік атқыш әйелдер анықталды. Макаров қаруынан ату сайысы халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жарысқа түрлі бөлімшелердің 24 бұрымды полицейі қатысты. Бәсеке қорытындысы бойынша бас жүлдені облыстық полиция департаменті әкімшілік полиция бөлімінің инспекторы Динара Баубекова алса, екінші орынды арнайы жедел әрекет ету жасағының инспекторы иеленді. Ал, кадр саясаты басқармасының қызметкері қола медальді қанағат тұтты. Ұйымдастырушылардың сөзінше, мұндай жарыс әйел полицейлердің физикалық дайындығын жоғарлатуға бағытталған.