Алматыда алғаш рет ат спортынан «Жеңіс кубогы» ойнатылды

11.03.2020 20:23

Алты күнге созылатын бәсеке 15 наурызда аяқталады

Almaty.tv

Жарыс Жеңістің 75 жылдығы аясында Кеңес Одағының батыры, әйгілі Панфиловшылар дивизиясының ардагері, жазушы Бауыржан Момышұлын еске алуға арналған. Додаға елімізден бөлек, көршілес мемлекеттерден келген 30-дан астам шабандоздар қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Соңғы уақытта ат спортына ересектерден бөлек, жасөспірімдердің де қызушығылы артып келеді дейді ұйымдастырушылар. Жарысқа қатысушылардың жас шамасы - 10 мен 20 жас арасында. Алты күнге созылатын бәсеке 15 наурызда аяқталады. Осы турнирден үздік деп танылғандар Ресейде өтетін халықаралық байқауға жолдама алып, бас жүлде Мәскеу орталығыныдағы пәтер үшін бақтарын сынамақ.

«Биылғы Ресейде өтетін халықаралық турнирге Қазақстан алғаш рет қатысуға мүмкіндік алып отыр. Бұл біз үшін және қатысушыларымыз үшін үлкен мүмкіндік. Себебі, ол барлық әлем мықтылары жиналған орынғой. Бұл біздің шеберлігіміздің артуына да ықпалын тигізетін еді. Келесі жылы Өзбекстан мен Қырғыстан қатарымызға қосылады деп күтілуде», – деді ат спортының жаттықтырушысы Ольга БАКУМЯН.