«Жас маман» бағдарламасын жүзеге асырудың алғышарттары белгіленді

«Жас маман» бағдарламасын жүзеге асырудың алғышарттары белгіленді
Бюджеттен бөлінген қаржыны игермеген бағдарлама әкімшілеріне айыппұл тағайындалады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін еліміздің қаржы министрі Әлихан Смайылов «Жас маман» бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты түсінік берді,  деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Жас маман» бағдарламасы жүзеге асырылатын болады. Қазіргі уақытта осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін Білім және ғылым министрлігі тарапынан қажетті ережелер әзірленбеген. Яғни дайын болған кезде тиісті қаржы бөлінеді», – деді ҚР Қаржы министрі Әлихан СМАЙЫЛОВ.

Айта кетейік, 9 қазан күні Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Жас маман» жобасының орындалмағанына сынға алынған еді. Мәжіліс төрағасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жас маман» бағдарламасын дайындау үшін Үкіметке тиісті тапсырмалар бергенін еске салды. Алайда, осы бағыттағы шаралар іске асырылмаған. Ал журналистердің сауалдарына жауап берген қаржы министрі, сондай-ақ бюджеттен бөлінген қаржыны игермеген бағдарлама әкімшілеріне айыппұл тағайындалатынын мәлімдеді.  

«Қазір біз бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бірінші жетекшілеріне айыппұл салу бойынша Әкімшілік заңбұзушылықтар жөніндегі Кодекске өзгерістер енгізудеміз. Айыппұл өте қомақты болады. Демек, бөлінген қаржыны сапалы әрі тиімді игеруге ынталандырады деген ойдамыз», – деді ҚР Қаржы министрі Әлихан СМАЙЫЛОВ.

Новости партнеров