Қоқыс пакетінен жасалған костюмге қатысты министрлік пікір білдірді

09.04.2020 20:25

Қоқыс пакетінен жасалған костюм. Министрлік Желідегі видеоға қатысты пікір білдірді

Видеодан кадр

Желіде қоқыс пакетін киген дәрігерлердің видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Денсаулық сақтау министрлігі бұл видеоға қатысты пікір білдірді.

"Біздің онкоаурухана. Байғұстар. Осылай пакеттерді киіп, қорғанып жүр. Бұл сұмдық қой! Біреуге айтсаң сенбейді. Байғұс дәрігерлер", – делінген видеода.

Видеоның нақты қайда және қашан түсірілгені белгісіз. Біреулер Алматыда түсірілді десе, тағы біреулер Шымкентте немесе Нұр-Сұлтанда түсірілген дейді.

"Бұл ролик Қазақстанда түсірілмеген. Видео фейк", – деді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.