Шымкентте полицейлерге пара бермек болған жүргізушінің басы бәлеге қалды

05.03.2019 20:25

Тәртіп сақшылары «сыйақыдан» бас тартыпты.

Kazpravda.kz

Шымкент қаласында полиция қызметкерлеріне 20 мың теңге көлемінде пара бермек болған көлік жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды NUR.KZ.

Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, заң бұзушылық фактісі 1 наурыз күні орын алған.

Жол ережесін бұзған көлік жүргізушісі қалалық полиция полкінің взвод командирі, Қайрат Алимханов пен полиция инспекторы Марат Қасымбековке 20 мың теңге көлемінде пара бермек болған.

Тәртіп сақшылары «сыйақыдан» бас тартыпты.

«Шымкент қаласы Полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы ҚК-нің 367 бабының 1 бөлігіне сәйкес «пара беру» жайты бойынша қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде», - деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.