Президент Қазақстандағы әкімнің барлығына жылыту маусымына дайындықты қатаң қадағалауды тапсырды

12.12.2022 20:30

Роман Скляр мәселеге қатысты бірнеше нұсқа қаралып жатқанын жеткізді

Almaty.tv

Президент әкімнің барлығына жылыту маусымына дайындықты қатаң қадағалауды тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметттің кеңейтілген отырысында қала басшыларына «Екібастұздағы жағдай қайталанбасын» деп ескерту жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ал жылу электр орталығында болған апатты егжей-тегжейлі тексеріп, бұл нысанға тәуелсіз аудит жүргізу керек деді. «Әбден тозған орталықты мемлекет тиімді басқара ала ма?  Ең алдымен осыны зерттеу қажет. Кәсіпорынның 50 пайызын алып, меншік иесіне ЖЭО күрделі жөндеуден өткізуді тапсырған жөн» деді Мемлекет басышысы.  Ал Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр мәселеге қатысты бірнеше нұсқа қаралып жатқанын жеткізді.      

«Жылу электр орталығын меншік иесі жөндеп, оны тарифтерді көтеру арқылы қайтарып алу нұсқасы қаралып жатыр. Бұдан өзге де нұсқаларды зерттеп көреміз. Ол жұмысқа енді кірісеміз. Осыған дейін апаттың салдарын жойып, тұрғындарға жылу беру басты назарда болған еді», – деді ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр.