ІІМ: Қауіпсіз жерге эвакуацияланған адамдардың саны үш мыңға жетті

qamshy.kz
qamshy.kz
Жарылыс болған аумаққа баратын жолдар әлі жабық тұр, арнайы қызметтің автокөліктері ғана кіре алады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысының полиция қызметкерлері жарылыстың салдарын жою үшін тәулік бойы жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап.

«Барлығы 7 рейс жасалды, 3 мыңға жуық адам тасымалданды. Жарылыс болған аумаққа баратын жолдар әлі жабық тұр, арнайы қызметтің автокөліктері ғана кіре алады», – делінген ішкі істер министрлігінің хабарламасында.

Оқиға орнында жедел әрекет ететін арнайы жасақ, саперлер мен кинологтар жұмыс істеп жатыр. Өнеркәсіптік, сауда және тұрғын үй нысандары тексерілуде.

Новости партнеров