Ер адам 50 мың теңге көлемінде ақша алып жатқан жерінен қолға түсті
Бүгін Нұр-Сұлтанда полиция қызметкерлері екпе құжатын қолдан жасаған күдіктіні ұстады. Олар кез келген құжатты жасай аламын деп қызметін ұсынған ер адамды байқап, оны тексерген. Күдікті елорда тұрғындарына екпе құжатын 20 күнде дайындап беруге уәде еткен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Оның үстіне ол өз қызметі үшін ақысын алдын ала сұрап, құжатты дайындау уақытына қатысты ешқандай проблема болмайды деп сендірген. Ер адам жұмысының маңында 50 мың теңге көлемінде ақша алып жатқан жерінен ұсталды.
28 жастағы күдіктінің айтуынша, екпе төлқұжаттарына сұраныстың барын ескеріп, қосымша ақша табуды шешкен.