Алматы – Өскемен автомагистралі және Алматы облысы шекарасынан Таскескен бұрылысына дейін көлік қозғалысына тыйым салынды
Алматы облысында ауа райының нашарлауына байланысты облыстық маңызы бар «Алматы – Өскемен – Қапал-Арасан шипажайы» екі жол учаскесі жабылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның хабарлауынша, сағат 9.30-дан бастап облыстық маңызы бар «Алматы – Өскемен – Қапал-Арасан шипажайы» екі жол учаскесі 45 шақырымына дейін және Көктебе ауылына дейін көліктің барлық түрлері үшін жабылған. Төтеншеліктер жүргізушілерден аталған бағыттарға қарай сапарламауды, сондай-ақ 112 қызметінен келген ауа райы туралы хабарламаларға мән беруді сұрайды.
«Алыс жолға шықпас бұрын ауа райымен танысып, сізге экстремалды жағдайларда көмегі тиетін керекті заттың бәрін алуды сұраймыз», – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Алматы – Өскемен автомагистралі және Алматы облысы шекарасынан Таскескен бұрылысына дейін көлік қозғалысына тыйым салынды.