«Аманат» сайлаудың әділ өтуін қадағаламақ

«Аманат» сайлаудың әділ өтуін қадағаламақ
Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандардың дауыс беруіне жағдай жасамақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жаңадан ашылған «Аманат» азаматтық платформасы сайлау кезінде заңның қатаң сақталауын бақыламақ. Тіпті қазірден бастап аталған ұйым мүшелері мониторинг жүргізуді үйреніп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Сондай-ақ олар мүмкіндігі шектеулі жандардың сайлауға баруына барынша жағдай жасауға тырысып жатыр. Ал ұйымның басшысы Қазыбек Шайх сайлау кезінде заң бұзушылықтар анықталса, бірден хабар беретіндерін айтады. Платформа құрамында 600-ден астам ерікті, сарапшылар және азаматтық белсенділер бар.

«Қазір бізде тағы бір топ бар. Олар қазір бүкіл сайлау учаскелеріне барып, адамдарға сайлау учаскелеріне келуге ыңғайлы ма соны зерттеп жүрміз. Өз аяғымен келе алмайтын мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесу керек. Себебі олар дауыс бере алмаса, құқықтары бұзылған болып табылады», – дейді «Аманат» Алматы қалалық филиалының басшысы Қазыбек ШАЙХ.

Новости партнеров