Динагүлдің Instagram желісіндегі парақшасы негативті жазбалар мен ерлердің қылтың-сылтың әңгімелерінен көз ашпай қалған
Нұр-Сұлтандық атышулы модель Динагүл Тасова өзінің денсаулығы жайлы айтып, ер азамат тарапынан қысым көріп жүргендігін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz.
Модельдің сөзінше, ер азаматтар 29 жастағы бикештің мазасын алғаны сонша, ол түнде ұйықтаудан қалыпты.
Бұған қоса кейінгі кезде оның Instagram желісіндегі парақшасына негативті жазбалар жиі түсіп, ерлердің қылтың-сылтың әңгімелері көбейіп кетіпті.
«Қымбатты достар, менің парақшама жағымсыз пікір жазбай тұрып, маған қарай түкіріп қойыңыздаршы. Сіздердің қызығушылықтарыңыз бен құмарларыңыз күн санап артып келеді. Бұл менің энергетикама әсер етуде. Менің түнде қорқынышты түстер көруім жиілеп, кейде булығып та қаламын. Сіздердің отбасыларыңыз, жақын адамдарыңыз бар, ал мен жалғызбын. Бір-бірімізге зиянымыз тимесің, өйткені не істесең де алдына айналып келеді. Бізге, әйелдер қауымы үшін өзін мығым ұстап, күйзеліске түспеуге көп күшіміз жұмсалады. Сондықтан да айтарым маған түнімен қоңырау шалуды доғарыңыздар. Мен сіздермен танысуға өзім дайын емеспін», - деді Динагүл.
Естеріңізге сала кетейік, Динагүл Тасова Fashion Night Astana сән байқауына омырауын ашып шығып, қалың жұртқа танылған еді. Сол үшін жігіті оны соққының астына алып, көшеге шығарып жіберген.
Сүйіктісімен айрылысқан соң Динагүл сән бизнесіне бет алып, танымал модельдердің біріне айналған.