Қайтыс болған Ерлан Нұрғалиевке «Халық Қаһарманы» атағын беру ұсынылды

23.01.2019 20:37

Мәжіліс депутаттары «Охотзоопром» инспекторы Ерлан Нұрғалиевке «Халық Қаһарманы» атағын беруды ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Бүкіл қоғам берген антына берік ұстанып, мемлекеттік қызмет саласында жүріп, соңына дейін күресіп, қайтыс болған біздің қорықшыны мемлекеттік марапатқа ұсынуды сұрап отыр. Кейбір еріктілер оның есімін ұлықтау мақсатында қолында еліктің лағын ұстап тұрған суретінің негізінде ескерткіш орнатпақшы. Мұның барлығы халықтың өз батырын қалай құрметтейтінін көрсетеді. Сонымен қатар, браконьерлермен күрес жолында ерлік танытқан Ерланның әріптесі - Петр Ницык те марапатқа лайық деп санаймыз», - деді депутат Жамбыл Ахметбеков.

«Біз «Халықтық коммунистер» фракциясының мүшелері, қоғамның Ерлан Нұрғалиевке «Халық Қаһарманы» марапатын беруді және оның есімі мәңгі ұлықталу үшін жасалатын шараларды ұсыну ойын қолдаймыз. Ол өмірінің соңына дейін антқа берік болды. Ол өсіп келе жатқан ұрпаққа үлгі болары сөзсіз», – деді Ахметбеков.