Қырғызстан мен Өзбекстаннан келетін өнімдерге шектеу қойылмақ

BNews.kz
BNews.kz
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2019 жылдың 19 ақпанынан бастап Қазақстан тарапынан Қырғыз Республикасы мен Өзбекстаннан әкелінетін бірқатар өнімдерге шектеу қойылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атап айтқанда, Қырғыз Республикасынан тұқымдық және азықтық картопқа, алма, құрма, ал Өзбекстаннан анар кіргізуге шектеу қойылды. Соңғы уақытта Қырғыз Республикасы мен Өзбекстаннан енгізілген, карантинге жатқызылған өнімдерден жүйелі түрде мынадай карантиндік объектілердің анықталуы жиілеп кетті: нақтырақ айтсақ, алма мен құрмада карантиндік объект - комсток сымыры анықталды. Ал картопта алтын түстес жұмырқұрттың бары белгілі болды», - деді ҚР Ауыл шаруашылығында өткен баспасөз мәслихатында АӨК Мемлекеттік инспекция комитеті басшысының орынбасары Алмабек Марс.

Белгілі болғандай, 2018 жылы және осы жылдың қаңтар-ақпан айларындағы Қырғызстаннан Қазақстанға жеткізілген карантиндік жүктерді тексеру кезінде бірыңғай карантиндік фитосанитариялық талаптардың бұзылуының 465 фактісі тіркелген.

«Осы жылы Өзбекстан аймағынан енгізілген анардан 2 комсток сымыры анықталды», - дейді Алмабек Марс.

Мамандардың айтуына қарағанда, сымырдың шоғырлануы жемістің өсу нүктелері мен өркеннің кебуіне, қурауына, жапырақтың сарғаюы мен түсуіне, өсімдіктің қурауына әкеліп соғады. Жеміс қатты залалданған уақытта кеуіп, қатайып, сапасы мен дәмі нашарлайды және салмағы азаяды. Ал картоптың алтын түстес жұмырқұрты тамыр мен түйінді зақымдап, картопқа зиян келтіреді.

Новости партнеров