Қазақстан мен Өзбекстан Қырғызстанға экономикалық әрі гуманитарлық көмек көрсетпек

12.11.2020 20:38

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев телефон арқылы сөйлесіп, уағдаласқан

inform.kz

Қазақстан мен Өзбекстан Қырғызстанға экономикалық әрі гуманитарлық көмек көрсетпекші. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев телефон арқылы сөйлесіп, бауырлас елге қол ұшын созуға уағдаласқан, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сондай-ақ, екі ел басшылары әртүрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың дамуына қанағаттанатындарын айтып, жақын жылдары атқарылатын бірлескен жобаларды талқылады. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев 10 қарашада Ресейдің төрағалығымен өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің нәтижелерін жоғары бағалады.