Көптің уақытын алмас үшін қала әкімі қысқаша ғана ақпараттан кейін бірден тұрғындардың сұрағын қабылдауға кірісті
Алматы қаласының 2019 жыл 20 минуттық фильм аяқтала салысымен сөз алған қала әкімі Бақытжан Сағынтаев ұзақ сөйлемей бірден сұрақ жауапқа кірісті. Қала басшысынан өздерін толғандырған сауалға тікелей жауап алып қалғысы келген халық көп. Олардың көбі жарықтандыру, ауыз су, кәріз желісі мен қоғамдық көліктерге қатысты сұрақтар қойды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қала тұрғындарымен есептік кездесуі екі сағатқа созылды. «Халық арена» кешенінде өткен жиында 3200 орынға арналған спорт сарайы лық толды. Мұнда сектор-секторды бөліп 11 микрофон орналастырылған. Кездесу басталмай тұрып, қала әкімінің орынбасарлары мен барлық 8 ауданның әкімдері ғимараттың 2-қабатында тұрғындарды жеке-жеке қабылдады. Біздің арнаның ұжымы мұндағы жұмысын таңғы 8-ден бастады. Залда орналасқан ЛЭД экрандардан таңнан бері тапсырылған істің орындалғанын пысықтайтын роликтер жиынтығы көрсетіліп тұр. Бақытжан Сағынтаев та бұл жолғы кездесуін ұзақ баяндамадан бастаған жоқ. Жиынды қалада атқарылған жұмыстарды қорытындылайтан 20 минуттық ролик корсетуден бастады.
Одан кейін, өз сөзінде жұрттың назарын тағы бірқатар мәселелерге аудартты. Оның бірі – тұрғын үй бойынша әзірленген «Алматы жастары» жаңа бағдарламасы.
«Біз «Алматы жастары 3.0» жаңа бағдарламасын әзірледік. Жаңа тұрғын үй бағдарламасының артықшылығы - оның көмегімен жастар 3 жылдан 25 жылға дейінгі мерзімге төмен пайыздық мөлшерлемемен қарыз ала алады. Жылдық 5 пайыздық жеңілдікпен. Алғашқы жарна - 10 пайызды құрайды. Бұл бағдарламаға 10 млрд теңге бөлінді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 3 млрд теңге бөлді», – деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан САҒЫНТАЕВ.
Көптің уақытын алмас үшін қала әкімі қысқаша ғана ақпараттан кейін бірден тұрғындардың сұрағын қабылдауға кірісті. Көпшілікті алаңдатқан мәселелердің дені жарықтандыруға қатысты болды.
Есептік кездесуде Наурызбай ауданының тұрғыны газға қатысты сұрақ қойып, мардымды жауап алса, «Рахат» шағым ауданының тұрғыны мектеп салып беруді сұрады.
«Біздің үйімізге газ жүргізілмеген. Орталықтандырылған газбен жылытуға қосуды сұраймын», - деді Наурызбай ауданы тұрғындарының бірі.
Тағы бір айта кететіні, Алматыдағы қоғамдық көліктердің мәселесі де оңынан шешілді. 2019 жылы субсидия 23,1 млрд теңгені құрады. Оның 24,2 млрд-ы 2020-шы жылға бөлінді. Осы арқылы жолақы тарифының өспеуін қамтамасыз ету көзделмек.
Сая Меңдеке, «Алматы» телеарнасы