«Аузынан көбік ағып тұр»: абысыны күн көрсетпей жүрген жесір әйел мұңын шақты

06.09.2019 20:43

Келіншек небəрі 22 жасында жесір қалған

Жолдасым екі ағайынды жігіт еді. Інісі қайтқан күннен қайын ағам бар жүкті мойнына алды. Мені мектепке жұмысқа тұрғызып, еңбекпен нан табуыма септесті. Жолдасымның аяқтай алмай кеткен үйін бітіріп, бізді жаңа баспанаға кіргізді.

Жауыздық - жүректің қарайып, адамдықтан безуі. Абысыным тағдыр дегенді түсінер емес. Түсінгісі де келмейді. Мен - жесір əйелмін. Жолдасымды Ауғанстанға əскерге алып кеткен, сонау 1987 жылдың наурызында. Небəрі 22 жасымда қара жамылдым. Өлгім келді. Өмірдің мəні жоқ сияқты көрінді. Сол аралықта мені өмірге қайтарған нəрсе - құрсағымда жаңа біткен тіршілік иесі. Сол қызым екеуміз жолдасымның ошағын сөндірмедік.

Иə, қиын болса да, орнын ешкімге бастырмадым. Көңілімді басқа жанға берген кезім жоқ. Қызыма өгей қыздың тағдырын сездіргім келмеді. Содан болар, жолдасымның елінен кетпедім. 33 жыл болды, сол келін боп түскен елде тұрып жатырмын. Жолдасым екі ағайынды жігіт еді. Інісі қайтқан күннен қайын ағам бар жүкті мойнына алды. Мені мектепке жұмысқа тұрғызып, еңбекпен нан табуыма септесті. Жолдасымның аяқтай алмай кеткен үйін бітіріп, бізді жаңа баспанаға кіргізді. Ол кісіге шын көңілден разымын. Тапқан табысын екіге бөледі. Қызымның бар қажетін өтейді. Əкесінің жоқтығын ешқашан сездірген емес. Мектеп кезінде ата-аналар жиналысына дейін өзі қатысатын. Жеңгем қызымның үйлеріне барғанын, ағайдың қызымды еркелеткенін жақтыра қоймайды. Өкініштісі, Алла ағайға бір перзент бермеді. Жас кезімде талай рет қызғанып, ауыр сөздер де айтқан. Ағай жеңгемді қатты жақсы көреді. Əмеңгерлік жайлы ешбіріміздің ойымызға кіріп шыққан емес.

Менің денсаулығым соңғы кезде сыр беріп, ағарғанға зəрулік туды. Соны аңғарған ағай сауылатын сиырды босағама байлады. Оның құнын бөліп-бөліп төлейтін болдым. Ешкімнің ақысын жеу ойымда жоқ. Бірақ өкініштісі сол, мен мектепте сабақта жүргенде абысыным сиырға кебекке дəрі қосып беріпті. Сабақтан келсем, сиырымның аузынан көбік ағып тұр. Мал дəрігерін шақырдық, дəрігер дəрі бергенін растады.

Менің жазығым не? Босағамдағы малда не ақысы бар? Қайынағамның жетім-жесірге берген көмегін, басқаша түсінетін сияқты. Ал ағатайдың ойында ештеңе жоқ. Жарына адал жан. Кінәсіз малда несі бар деймін де...

Дереккөз: el24kz