Петропавл қаласында жалаңаш әжей көше кезіп жүр

19.06.2019 20:44

Әлеуметтік желілерде егде тартқан әйелдің «Северный» дүкені орналасқан көшеде жалаңаш жүрген видеосы тарады. Кейін тәртіп сақшылары көлігіне салып алып кеткен, деп хабарлайды Petropavlovsk.news.

Солтүстік Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, әйел патрульдік полиция көлігімен №1 полиция бөлімшесіне жеткізілген.

«Тергеу барысында 1948 жылы туған зейнеткердің денсаулығының нашарлығы тіркелді. Қазіргі уақытта ол медициналық мекемеге орналастырылды», - деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Кейін видео Instagram-парақшасынан өшірілді.