Балабақша жұмысына қатысты шешімді жергілікті білім басқармасы қабылдайды
Елімізде егер COVID-19 дертінің өсу деңгейі жеті күн ішінде 7 пайыздан аспаған жағдайда, балабақшалар санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жұмысын бастайды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алайда мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысын бастау туралы шешімді жергілікті білім басқармалары және білім бөлімдері өздері қабылдайды.
«Балалар мен қызметкерлерге қауіпсіз жағдайды жасауға, олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға басшысы жауапты. Балабақшаларға бірінші кезекте ата-аналары жұмысқа баратын және үйде жалғыз қала алмайтын балалар қабылданады. Әр топта бала саны 15-тен аспауы керек. Бала санына байланысты жұмысқа шығатын қызметкерлер тізімі жасалып, күн сайын түзетіліп отырады», - делінген хабарламада.