Вице-премьер костюміндегі белгінің бойтұмары екенін, соған сенетінін айтты. Сондықтан үнемі тағып жүруді әдетке айналдырған
Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев костюмінің сол жақ жағасындағы белгіні неге тағып жүретінін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Сапарбаев ел алдына шыққан кезде, ат үстіндегі адам мүсінделген белгіні тағып алады. Журналистер бүгін оның себебін сұрады.
"Әркімнің өзінің бойтұмары болады ғой. Бұл енді менің тұмарым. Өзім тағып жүремін. Осыған сенемін. Жылқы ғой. Қазақ әр уақытта жылқыны жақсы көргенін білесіз ғой", - деп жауап берді ол үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.
Түрлі жылдары министрлер кабинеті аппаратының жетекшісі, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімі, кедендік бақылау агенттігінің төрағасы, қаржы министрінің орынбасары қызметін атқарды.
2009 жылдың 4 наурызынан бастап 2014 жылдың 11 қарашасы аралығында Шығыс Қазақстан облысының әкімі болды. 2014 жылдың қараша айынан бастап премьер-министрдің орынбасары болды.
Ақтөбе облысын басқарды. 2019 жылдың 25 ақпанынан 20 тамызына дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарды. Ал 20 тамыздан бастап – үкімет басшының орынбасары.