Сонымен қатар, елімізде жеке куәлікті онлайн түріне ауыстыру мәселесі де қаралды
Цифрлық даму министрі Асқар Жұмағалиевтің төрағалығымен өткен Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында осындай ұсыныс айтылды. Егер азаматта өзімен бірге жеке куәліктің түпнұсқасы болмаған жағдайда, мобильді қосымшадағы құжатты пайдалана алатындай мүмкіндіктер қарастырылуда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Дәл осындай принциппен диплом, жүргізуші куәлігі, техникалық төлқұжат және басқа да құжаттарды орналастыруға болар еді, деген пікірлер ортаға салынды.
«eGov mobile қосымшасын қостық. Онда Туу туралы куәлік пен жеке куәліктің электронды нұсқасын алуға болады. Енді соның ішінде цифрлық құжат бөліміне диплом, жүргізуші куәлігі секілді құжатарды енгізгіміз келеді. Яғи олардың маңыздылығы қағаз түріндегідей болу үшін. Өйткені біз әрдайым өзімізбен бірге құжаттарды алып жүре алмаймыз. Ал, смартфон әр адамда бар», – деді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Әсет ТҰРЫСОВ.
Сонымен қатар, елімізде жеке куәлікті онлайн түріне ауыстыру мәселесі де қаралды. Қызметті онлайн көрсетуден бас тарту көрсеткішінің 80 пайызы пайдаланушылардың сапасыз фото ұсынуына байланысты деп отыр мамандар. Енді бұл мәселені шешу жолдарын «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамымен бірлесе пысықтау көзделуде.