90 млн пара алған «Қазгидромет» шенеуніктері 10 жылға сотталды

11.07.2019 20:52

Ол 10 жылға бас бостандығынан, өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды

Қазгидромет экс-басшылары 10 жылға сотталды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі.

«Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен Н.Қ. Сұлтанов ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 4-бөлігі («Пара алу») бойынша кінәлі деп танылды. Оған осы баппен 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды және өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқаруға тыйым салынды. Р.И. Андрианов ҚР ҚК 366-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан, 10 жылға бас бостандығынан айырылды», 

– делінген елордалық баспасөз қызметінде.  


Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.