«Орал» Халықаралық әуежайы» ЖШС атауын Мәншүк Мәметова атындағы әуежай деп өзгерту жоспарланып отыр. Бұл туралы шешім облыстық мәслихат сессиясында қабылданды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап.
20 қазанда өткен сессияда тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Света Ғаниева әуежай атауын өзгерту туралы ұсыныс Nur Otan партиясы жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесі және облыстық мәслихат депутаттарынан келіп түскенін хабарлады.
«Олар әуежай атауын өзгерту туралы ұсыныс жолдады. Әуежайға кеңес одағының батыры Мәншүк Мәметова есімін беру туралы ұсынысты қолдауды сұраймын», – деп Ғаниеваның сөзін келтірді «Мой город» порталы.
Депутаттар бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.