Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға материалдық көмек көрсетілді

01.04.2023 20:52
Пресс-служба МЧС Казахстана

Ақтөбе облысы Қаратал ауылының су тасқынынан зардап шеккен 11 отбасыға 500 000 теңгенің сертификаты табысталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі

Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Ведомство хабарлауынша, комиссия барлық ғимарат пен құрылысты тексергеннен кейін зардап шеккендерге келтірілген шығын көлемі туралы сарапшылардың қорытындысы бойынша толық көлемде көмек көрсетіледі.

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов жергілікті шаруа қожалықтарының басшылары Батырбек Телжанов пен Қуанышбек Сұлтанғалиевке алғыс білдірді.

Бұл азаматтар ТЖД қызметкерлеріне үш күн бойы қол ұшын созып, арнайы техникамен қамтамасыз етті. Оларға алғыс хат пен 500 000 теңгенің сертификаты берілді.