Қ. Тоқаев: Дәрі-дәрмектерді негізсіз қымбаттатқандар жауапқа тартылады

05.07.2020 20:52

Бұл туралы ҚР Президенті Twittеr-дегі парақшасында жазды

Ақорда

Азаматтарымыздың дәріханалардағы аса қажетті дәрі-дәрмектердің негізсіз қымбатауына байланысты шағымдары орынды. Бұл туралы ҚР Президенті Twittеr-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Азаматтардың дәріханалардағы аса қажетті дәрі-дәрмектердің негізсіз қымбаттауына байланысты шағымдары орынды. Пандемия кезінде бұған жол беруге болмайды. Үкімет пен құқық қорғау органдарына аталған мәселені реттеу тапсырылды. Кінәлілер жауапқа тартылады», – деп атап өтті Мемлекет басшысы.