35 нысан қирады: Ақтөбе облысында дауыл болды

Almaty.tv
Almaty.tv
Жел екпіні секундына 45 метрге жеткен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбе облысында бұрын-соңды болмаған дауылдың салдарымен күрес жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Зақым келген нысандардың көпшілігі қатты желдің эпицентрі - Ойыл ауданы Көсембай ауылында орналасқан. Онда жел екпіні секундына 45 метрге жеткен. Ал елдімекен тұрғындары болса, дауылға қатысты бейнежазбаларды әлеуметтік желіде бөліскен. Куәгерлердің сөзінше, ауылдың әпсәтте астан-кестеңі шығыпты. Желдің қатты болғаны сонша, электр бағандары мен қоршауларды құлатып, үйлер мен қоражайлардың шатырын ұшырып әкеткен. Тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды қоса алғанда 35 ғимарат бүлініпті.

«Қазіргі таңда электр желісі толықтай қалыпқа келтірілді. 11.08.24 күні бағалаушы жоба «НС» компаниясы келіп, келтірілген шығынның көлемін анықтауда. Қайыңды ауылдық округі жанындағы өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері қазіргі таңда жұмылдырылып, ауылдың ішін тазалау жұмыстарын, әлеуметтік нысандардың ауласына құлаған талдарды шығару жұмысын жүргізіп жатыр», - дейді Қайыңды ауылдық округінің әкімі Жазылбек Әбиев.        

Новости партнеров