Елімізде 2022 жылдың бірінші тоқсанында 4740 мың м2 тұрғын үй пайдалануға берілді

20.06.2022 20:53

Оның ішінде 95,6% - жекеменшік құрылыс салушы тарапынан, 4,4% - халық тарапынан салынған

photo Pixabay

2022 жылғы қаңтар-мамыр аралығында Қазақстанда 4740 мың м2 тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше 2425,2 мың м2 – көп пәтерлі үй, 2279,1 мың м2 – жеке үй пайдалануға берілген.

Оның ішінде 95,6% - жекеменшік құрылыс салушы тарапынан, 4,4% - халық тарапынан салынған.

Биылғы қаңтар-мамырда пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңының ұлғаюы Шымкент қаласында (44,5%-ға), Түркістан (17,7%-ға), Алматы және Қызылорда облысында (11%-ға) байқалған.

Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңының төмендеуі Маңғыстау (15,6%-ға), Павлодар (9,3%-ға), Солтүстік қазақстан (6%-ға) облысында және Алматы қаласында (4,6%-ға) байқалған.