Украинадағы қазақстандықтар үшін жедел байланыс желісі ашылды

11.10.2022 20:53

Украинада 600-ге жуық Қазақстан азаматы бар екен

akket.com

Украинадағы қазақстандықтар үшін жедел байланыс желісі ашылды. Бұл туралы Украинадағы Қазақстан елшісі Дархан Қалетаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша,таңнан бері жедел желіге 100 шақты қоңырау келіп түскен. 

"Қазір Украинада 600-ге жуық Қазақстан азаматы бар екен. Оларға мүмкіндігінше сол аумақтан кетуге немесе қауіпсіз жерге орналасуға кеңес береміз", - деді елші.