Аида Балаева Алматыда көшпелі қабылдау өткізді

Аида Балаева Алматыда көшпелі қабылдау өткізді
Әсіресе, жұрт сот шешімдеріне көңілі толмайтынын жеткізді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Президентінің көмекшісі Аида Балаева Алматы қаласында көшпелі қабылдау өткізді. Кездесуде қала тұрғындары өздерін алаңдатқан мәселелерді ашық айтып, толғандырған сауалдарға жауап алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Өңірде жеке отбасылық жағдайдан бастап, күллі жұртшылықты алаңдатқан бірқатар өзекті түйткілдердің бары айтылды. Әсіресе, жұрт сот шешімдеріне көңілі толмайтынын жеткізді. Қордаланып қалған шаруаларды Аида Ғалымқызы қағаз жүзінде жеке қабылдап, заң бұзушылық анықталса, ешкім жауаптан жалтармайтынын атап өтті.

Новости партнеров