Брифингте Алматы қаласы бойынша 2020 жылы атқарылган жұмыстар жөнінде әкім егжей-тегжейлі баяндады
25 маусымда ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен «Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. «Педагогикалық ғылымдар академиясы» қоғамдық бірлестігі Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен ашылған Отбасы институтының қызметкерлері де тікелей эфирде қала әкімінің қатысуымен болған брифингті көріп, әлеуметтік мәселелер шешімін табатынына сенім білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.
«25 маусым күні Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаевтың қатысуымен өңірлік дамытудың 2020-2025 жылға арналған бағдарламасын жүзеге асыру мәселесі бойынша брифинг өтті. Брифингте Алматы қаласы бойынша 2020 жылы атқарылган жұмыстар жөнінде әкім егжей-тегжейлі баяндады. Сол мәселелердің ішінде Алматы қаласы тұрғындарды баспанамен қамту мәселесі оң жолға қойылғаны бізді аса қуантады. Еліміздің, оның ішінде қала үшін өзекті әлеуметтік мәселелердің алдағы жылдары өз шешімін табатынына сеніміміз мол», – деп жазылған Отбасы институтының Instagram-дағы парақшасында.