Қазақ елінің өз алдына дербес ел болып, Тәуелсіздік алғанына 29 жыл толды
Бүгін Ұлы күн. Ел егемендігі ұлықталатын күн. Қазақ елінің өз алдына дербес ел болып, Тәуелсіздік алғанына 29 жыл толды. Бұл – ата-бабаларымыздың ұзақ жыл арман-тілегінің ақиқатқа айналған мерекесі. Тәуелсіздік – дәуір мен уақыттың бізге берген үлкен сыйы, Мәңгілік ел болуға талпынған халқымыздың басты құндылығы. 1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болды. Дәл осы күні Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңын қабылдады. Бұл Конситуция қазақ елінің елдігін нығайтып, арманын асқақтатты.