Рұқсат өткен қаруды 10 шілдеге дейін алып жүруге болады

15.05.2020 21:09

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 486-бабына сәйкес осы жылдың 10 шілдесіне дейін әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды

Polisia.kz

Алматыда рұқсаты өткен қаруды сақтауға және алып жүруге байланысты мерзімін 10 шілдеге дейін ұзартуға болады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Әкімшілік полиция басқармасының хабарлауынша, ҚР ІІМ нұсқауына сәйкес, төтенше жағдай кезінде қаруды сақтауға және алып жүруге рұқсаттың мерзімі өткен азаматтық қару иелері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 486-бабына сәйкес осы жылдың 10 шілдесіне дейін әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.

 Жоғарыда көрсетілген күнге дейін бұл құжатты ұзартуға болады. Бұл ереже көлік жүргізуші куәлігінің мерзімі аяқталған жүргізушілерге де қатысты. Электрондық цифрлық қолтаңбамен «E-gov» электрондық үкіметтің порталы арқылы құжаттарды алмастыруға болады.