Жоғары оқу орны мен арнайы зерделеу орталығынан келген тарихшылар ақтаңдақ жылдары ату жазасына кесілген боздақтар мен Алашорда ұлылары туралы тың ақпараттарын бөлісті
Алматылық оқушылар саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Өзекті өртер шындық» атты жиын Түрксіб ауданының білім мекемесінде ұйымдастырылған. Жоғары оқу орны мен арнайы зерделеу орталығынан келген тарихшылар ақтаңдақ жылдары ату жазасына кесілген боздақтар мен Алашорда ұлылары туралы тың ақпараттарын бөлісті.
«Оқушыларымыздың ұлттық құндылықтарды бойына сіңіру үшін осындай азаматтарды шақырдық. Бұндай кездесу үрдіске айналған», – деді №198 жалпы білім беретін мектептің директоры Әсемгүл Сламбекқызы.
Айта кетейік, 2021 жылы Президент архиві жанынан «20 ғасырдағы саяси-қуғын сүргін құрбандарын зерделеу» орталығы құрылған еді. Мекеме бұған дейін репрессия жылдары туралы 750 мыңға жуық құжатты қабылдаған. Бүгінгі бас қосуда осы деректер ескеріліп, тың мәліметтер айтылды.
«Қазіргі таңда құжаттарды ғылыми айналымға енгізу үстіндеміз. Яғни, бұл жерде құпия құжаттар да бар. Оны құпиясыздандыру жөніндегі әртүрлі бағыттар бар. Соның негізінде көптеген жұмыс атқарылып жатыр», – деді ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын зерделеу орталығының қызметкері Аян Жолдасов.
Оқи отырыңыз: Алматыда үздік аула сыпырушы, үздік аула, үздік жасыл желек отырғызушы байқауының қорытындысы шықты