2020 жылы Байқоңырдан «Протон» зымыран-тасығышы тек бір рет ұшырылған
2026 жылы Байқоңырдан «Протон» зымыран-тасығышын ұшыру тоқтатылады. Бұл туралы цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
«2016 жылы жыл сайын «Протон» зымыран-тасығыштары бес реттен артық ұшырылмайтыны туралы келісім жасалған және ол 2026 жылға қарай мүлде тоқтатылады», – деді Мусин мәжілістің жалпы отырысында.
Ол Ресей 2020 жылы Байқоңырдан «Протон» зымыран-тасығышын тек бір рет ұшырғанын, ал 2021 жылға арналған ұшыру жоспары әлі алынбағанын айтты.