Нұр-Сұлтанда Ақбұлақ өзенінен 8-9 жас шамасындағы баланың денесі табылды

28.08.2019 21:19

Баланың құлап кеткені туралы хабарлама 27 тамыз сағат 18:05-де келіп түскен

 Болжам бойынша, ол суға абайсызда құлап кеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz.

«Баланың құлап кеткендігі туралы хабарлама 27 тамызда сағат 18:05 уақытында 112 пультіне келіп түскен. Оқиға орнына қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару тобы жеткізілді. Бір техника және құтқару тобынан төрт адам барды», – дейді Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметкері Аягөз Фазылова.

Енді бұл болған жағдайдың себебі сараптамадан кейін ғана анықталады.