Алматылық жігіт алдынан шыққан елесті көріп, жол апатына түскен

nur.kz
nur.kz
Мақсат өз басынан өтпейінше, өмірдегі тылсым дүниелерге сенбеген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматылық азамат алдынан шыққан елесті көріп, жол апатына ұшыраған. Райымбек даңғылында болған оқиғаны Мақсат өзіне жіберілген белгі деп түсінеді. Жас жігіт басынан өткен оқиғаны «Хит-ТВ» арнасының «Шырғалаң» бағдарламасында айтып берді, деп жазды NUR.KZ.


Мақсат өз басынан өтпейінше, өмірдегі тылсым дүниелерге сенбегенін айтады.

«Бес-алты жыл бұрын Райымбек көшесімен келе жатқанмын. Кешкі сағат 10-дардың уақыты. Бір кезде алдымнан адамның бейнесі шықты. Сосын мен тежегішті бастым.

Бірақ үлгермейтінімді білдім де, рөлді оңға қарай бұрдым. Сол кезде бағанаға соғылдым. Сәлден соң басым қансырап есімді жинадым.

Орнымнан тұрдым да, бірден «адам қағып кеттім» деп ойладым. Әлгі көрінген бейнені іздегеніммен. Ол жерде тірі жан болмады.

Ауруханада біраз уақыт емделіп шығып әлгі орынға қайта бардым», - дейді Мақсат.

Ер адам басынан өткен оқиғаның өзіне келген ескерту екеніне сенімді.

«Маған жаратушының «Тоқта» деген белгісі шығар. Елестің көзіме адам болып көрінгені анық», - деп сөзін аяқтады алматылық жігіт.


Новости партнеров