Алматыда кәсіподақтар маңыздылығына арналған халықаралық жиын өтті

26.03.2019 21:26

Елімізде кәсіподақтардың маңызы арта түспек

Кәсіподақтардың маңызы арта түспек. Алматыда Халықаралық еңбек ұйымының 100 жылдығына орай, «Кәсіподақтардың әлеуметтік-еңбек қатынастарындағы рөлі. Шығыс пен Батыстың диалогы» тақырыбында халықаралық конференция өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жиынға кәсіподақ, әлеуметтік мәселелер, еңбек нарығы саласында елеулі еңбек атқарып жүрген мамандар қатысып, өз ойларын ортаға салды. Конференцияға сондай-ақ, Қырғыз, Беларусь, Әзербайжан, Малайзия, Молдова, Түркия, Жапония елдеріндегі кәсіподақ делегаттары да арнайы келді.

«Біздің атқаратын істеріміздің  бірі – әлеуметтік-әріптестік механизмі арқылы, оның ішінде, ұжымдық шарттарды қалыптастыру, сол ұжымдық шарттар арқылы әр өндірісте, әр кәсіпорында болатын әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелері. Олардың мүдделерін қорғау мәселелері қаралады. Екінші мәселе – еңбек қауіпсіздігі. Біздің бірінші қағидатымыз – еңбеккердің аман-есен денсаулығын сақтап, өзінің жанұясына кейін қайтып оралуы», – деді ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Сатыбалды ДӘУЛЕТАЛИН.