Сейфуллин даңғылының бойында тұрақты түрде рейдтер жүргізуде
Алматы қаласының полициясы қала әкімінің тапсырмасымен Сейфуллин даңғылының бойында тұрақты түрде рейдтер жүргізуде, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл рейдтердің мақсаты – интим-қызмет көрсететін жеңіл жүрісті қыздар мен притон ұстайтын жеңгетайларды анықтау.
Рейд басталғалы бері 1200 жезөкше, притон ұстауға қатысы бар 205 адам және жезөкше тасумен айналысқан 87 таксист анықталды.