Алматыда жылыту және ыстық сумен жабдықтау қызметі үшін коммуналдық кәсіпорын алдындағы қарызды айыппұлсыз төлегісі келетін жылу энергиясын пайдаланатын тұтынушылар үшін «Қарызды төле, өсімпұлды алып тастаймыз!» атты науқан жалғасуда, деп хабарлайды Almaty.tv.
Науқан басталған бір ай ішінде берешектің жалпы сомасы 19 143 333,28 теңге 171 борышкер өсімпұлды алып тастау мүмкіндігін пайдаланды, акция аясында жалпы сомасы 9 154 707,59 теңге өсімпұл есептен шығарылды.
Естеріңізге сала кетейік, науқан 2023 жылғы 29 желтоқсанда аяқталады.
Бұл өсімпұлды үнемдеумен бірге, мүлікке, сонымен қатар борышкердің банктегі есеп шотына салынған шектеу мен тыйымды алып тастауға мүмкіндік береді.
Науқанға қатысу үшін 29 желтоқсанына дейін берешекті толық төлеп, «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-на өтінішті, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, төлем туралы кассалық чекті info@alts.kz электрондық поштаға ұсыну қажет немесе сол аумақта орналасқан тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтарының біріне жүгіну керек.
ТҚКО мекенжайлары және байланыс деректері:
Сонымен қатар, мына телефон 341-07-77 нөміріне қоңырау шалу арқылы АлЖЖ анықтамалық қызметіне хабарласу арқылы берешек туралы ақпарат немесе жылу энергиясын есептеу бойынша кеңес алуға болады.
WhatsApp нөмірі де жұмыс істеп тұр: +7 (701) 027-11-20
Қарыз төленбеген жағдайда борышкерге жылу беру тоқтатылып, берешек сот арқылы өндіріліп алынады.
Оқи отырыңыз: Қауіпсіз қала: Алматы полициясы мәлімдеме жасады