Жұмыла көтерген жүк жеңіл
Өмірден үмітін үзбеген бала. Жанары жастан құрғамаған ана. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Жанар Шамахайқызы ұлы Ердәулеттің еміне елден көмек сұрайды. 2015 жылы ота үстінде баласының артқы ми жұлынын алып тастаған кезде мүгедек болып қалған. Қазір екі аяғы да жансыз. Тік ішегіне зақым келгендіктен өздігінен зәр шығара да алмайды екен. Онымен қоса, арқасында үлкен ісігі бар. Ал, Қазақстанда отаны жасауға дәрігерлер қорқып отыр. Себебі сәтсіз аяқталуы мүмкін деп болжаған. Тек Түркиядағы мамандар бала бойындағы сырқатты емдеуге болады деп үміт сыйлапты.
Ердәулеттің 2010 жылы тізесі ауыра бастаған. Сол уақытта анасының айтуынша, дәрігерлердің салғырттығынан дұрыс диагноз қойылмаған. Арада 1 жыл уақыт өткенде Ердаулет жүруден қалады. Дәрігерлер бел омыртқада жарық бар екенін анықтайды. 2012 жылы балаға ота жасалуы керек болған. Алайда дәрігерлер баланың жамбасында үлкен ойық жара бар деп ота жасаудан бас тартады. Дегенмен баласының қиналғанына шыдамаған ана 2015 жылы мамандардың келісімімен қайта операция жасатады.
«Таңертең сағат 08.00-де бала операцияға кірген. Кешкі сағат 18.00 болды. Содан ана кісілер сөздің шындығына келгенде бізден қашып жүрді. Мен ойладым балам шетінеп кетті ме екен деп. Не болды екен деп. Содан тәуекел әйтеуір, ол кісіні тауып алдым, балам не болды аман ба өзі деп едім, балаңыздың аман қалғанына рахмет айт деді. Аяқта тік тұрады ғой иә деп енді бар қуанышымды айтып жатыр едім, Жоқ деді. Өкінішке қарай, балаңыздың жұлынын алып тастадық деді», – деді Ердәулеттің анасы Жанар Шамахайқызы.
Сәтсіз отадан кейін уақыт өте Ердәулеттің екі бүйрегі де жұмыс істемей қалған. Орнынан тұра алмайтын баланың денесінде ойықтар пайда болған.
«Баламның көзінше жыламауға тырысамын. Көз жасымды көрсеткім келмейді. Өйткені балам уайымдайды. Осындай жағдайдамыз. Жүгіріп жүрген ойын баласы. Суреттері Ердәулеттің. Қандай жігерлі бала еді. Кейде Ердәулет «Мама, мен түрмеде жатырмын» деп айтады», – деді Ердәулеттің анасы Жанар Шамахайқызы.
Жанар Шамахай Нұр-Сұлтандағы колледждердің бірінде педагог-психолог. Айына табатын бар табысы 60 мың теңге ғана. Баланың әкесі болса Ердәулетті нәресте кезінде тастап кеткен. Осылайша 9 жасына дейін жүгіріп жүрген бала, 10 жасында мүгедек атанған.
«Иә, Алла шипа береді. Менің бүйрегім артынан қысады. Сосын құран қоямын. Шипа береді. Мына басым ауырады. Жаман ауырады. Сосын мамаға айттым, құранды қосамын. Мен далаға шығамын, ойнаймын. Балам сен көп шықпа. Артыңда ісік бар. Үйде жат, үйде отыр деп айтады», – деді Ердәулет Шамахай.
10 жасынан бастап өмірдің қиындығын көрген Ердәулеттің енді аяққа тұрып жүріп кетуі екіталай. Бірақ жанына батқан тағы бір дертті арқасындағы үлкен ісікті алып тастау дәрігерлердің қолында. Ал, ол үшін құны 200 мың доллар күрделі ота жасау қажет. Егер қол ұшын созамын дейтін жомарт жандар болса, экранда көрсетілген Ердәулеттің атына ашылған есеп-шоттарға ақша аударуға болады. Жұмыла көтерген жүк жеңіл.
КАСПИЙ ГОЛД: 8775 976 17 79 Ердаулет
ЖСН: 010721550229
КАСПИЙ: 4400 4301 0528 0645
ХАЛЫҚ БАНК: 6244 95 44 4410 2678