Қазақстанда 3000-нан астам ер адам декреттік демалысқа шыққан

29.07.2022 23:45

Әлеуметтік төлемді отбасында тек ата-ананың біреуі ғана ала алады

FUNART.pro

Қазақстанда былтыр 3000-нан астам ер адам декреттік демалысқа шыққан. Олар 1 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем алды. Бұл туралы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының бас директоры айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Нұрсұлу Кемелдің айтуынша, әлеуметтік төлемді отбасында тек ата-ананың біреуі ғана ала алады. Айта кету керек, әлеуметтік төлем мөлшері ата-ананың соңғы 2 жылдағы орташа айлық табысының 40 пайызын құрайды. Егер 2 және одан да көп бала туған кезде төлем әрбір балаға жеке тағайындалады.


«Егер балаға күтімді әкесі жасайтын болса және ол жұмыс істеген болса бұл төлемге келуіне болады. Бізде былтырғы жылдың көрсеткішін айтар болсақ 385 мың азаматқа 1 жасқа дейінгі бала күтіміне төлем тағайындалды. Оның 3500 жуығы ер азамат», – деді  «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ бас директоры Нұрсұлу Кеме.