Ол осындай қайғылы уақытта Қазақстан халқымен бірге екендігін жеткізді.
Алматы облысындағы Гүлдала ауылында ұшақ апаты салдарынан болған қайғылы оқиғаға байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев бақилық болғандардың отбасына көңіл айтып, жарақат алғандардың жақындарына тез сауығып кетуін тілеген еді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Сонымен қатар, Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та қайғыратынын жеткізіп, тілекші екенін жолдады. Қалың қазақтың көңілін құлазытқан жайтқа өзге мемлекеттер де бей-жай қарап қалмады. Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанда әуе кемесінің апатқа ұшырауы салдарынан адамдардың қаза болғаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағанын жеткізген. Сондай-ақ, Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путин, Өзбекстан Республикасының, Қырғыз, Тәжікстан, Түркменстан, Әзербайжан, Беларусь, Украина, Грузия, Финляндия, Швейцария Конфедерациясының Президенті, сондай-ақ, Польша, Сербия және Словакия, Рим Папасы Франциск те Қазақстанда жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айту жедел хатын жолдаған. Аталған мемлекеттердің басшылары жеделхаттары ақорданың ресми парақшасына жарияланды. Одан бөлек АҚШ-тың Қазақстандағы Дипломатиялық миссиясының ресми өкілі Шон Бода да қазақ еліне көңіл айтты.Ол осындай қайғылы уақытта Қазақстан халқымен бірге екендігін жеткізді
«Дәл осы күн барша қазақстандықтар үшін орны толмас қайғы екенін білеміз. Бұл күні Америка Қазақстанмен бірге, елдің қайғысына ортақ. Бізде бүгінгі ұлттық аза тұту күніне ортақтасамыз. Сондықтан, мемлекеттік туымызды төмен түсірдік. Барша қазақ еліне қайғырып көңіл айтамыз», - деді АҚШ-тың Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының ресми өкілі Шон БОДА.