Елордада арнайы діни білім беретін «Ислам орталығы» ашылады

Almaty.tv
Almaty.tv
Орталықтың мақсаты – отандық діни кадрлардың сапасын арттыру
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елордада арнайы терең діни білім беретін «Ислам орталығын» ашу жоспарланып отыр. Мақсаты – отандық діни кадрлардың сапасын арттыру. Бұл шаруаны дін қызметкерлері «Қаңтар қасіретінен» кейін қолға алмақ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

7 бағыт бойынша жасалатын жұмыстардың ішінде қариларға арнайы «Ижаза» беру орталығын ашу туралы шешім қабылданған.  Еске салайық, 2022 жыл «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» жылы деп жарияланды.   

«Биыл діни оңалту бағытына басымдық беріледі. Өкінішке қарай, кешегі қаңтар оқиғасында кейбір діни треіс ағым өкілдерінің болғаны айтылып қалды. Енді еліміздегі теріс ағымдардың алдын алуға қатысты жұмыстарды және теріс ағымға түскен жерлестерімізді оңалту жұмыстарына басымдық беретін боламыз», - деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы.  

Діни басқарма осы уақытқа дейін «Зекет және қайырымдылық» қоры аясында «Ел үлесі – пәтерге» жобасымен 520 мұқтаж отбасына баспаналы болуға көмектескен. Биыл да осы жобалар жалғасын таппақ. Сонымен қатар, арнайы телеарнада халықты жат ағымнан сақтау мақсатында жұмыс жүргізетіндерін жеткізді.

«Кешегі қаңтар оқиғасы жат ағыммен күрес ешқашан бәсеңдемеуі керек екенін көрсетті. Соныдқтан «Мұнара ТВ» телеарнасында жат ағымның бет бейнесін айшықтау, жат ағымның қоғам үшін зиянды ағым екенін насихаттауға қатысты бағдарламалар легі дайындалатын болады», - деді «Мұнара ТВ» телеарнасының директоры Нұржан Таласұлы.

Новости партнеров