Алматыда бір түнде 46 нысан жабылды: кәсіпкерлерді қауіпсіздік шараларын бұзбауға шақырады

07.11.2020 21:40

Жұмадан сенбіге қараған түні Алматыда 16 мекемеден келушілер шығарылды

Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен санитарлық-эпидемиялық шараларды күшейту аясында биылғы қарашаның 6-ынан 7-іне қараған түні қалалық Полиция департаментінің 7 тобымен бірлесіп, 32 мобильді топ қызмет етті. Басты мақсаты карантин шараларының бұзылу фактілерін анықтау және жолын кесу, деп хабарлайды Аlmaty.tv қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясына ПТР нәтижесі оң шыққан 613 науқас анықталды, оның ішінде Алматы қаласында 32 оқиға тіркелгенін еске саламыз.

Сонымен қатар, ашық деректерге сәйкес бірқатар елдерде эпидемиологиялық жағдай нашарлай түсуде, бұл вирустың мутациясынан туындауы мүмкін. Мысалы, Данияда адамдар күзгі фермаларға байланысты коронавирустың мутацияланған нұсқасын тапқаннан кейін елдің солтүстігінде 280 мыңнан астам адамға арнайы шектеулер жарияланды. Бүгіннен бастап Оңтүстік Кореяда аумағы 150 шаршы метрден асатын мейрамханалар мен дәмханаларды қоса алғанда, қоғамдық мақсаттағы объектілердің иелерін келушілердің міндетті электрондық есебін жүргізуге міндеттейтін нұсқама күшіне енді. Мәскеуде 5 қарашадан бастап Мәскеу Үкіметінің ғимараттарында эксперимент ретінде қызметкерлер мен келушілер үшін электрондық тіркеу жүйесі енгізілді. Санкт-Петербургте коронавирусқа байланысты шектеулер қайтадан енгізілді. Әзірге үш апта – 9-29 қараша аралығына.

Осы жылдың қарашаның 6-ынан 7-әне қараған түні санитарлық-эпидемиялық талаптардың сақталуына 52 нысан тексерілді. Тексеру кезінде 46 нысан жабық тұрған. Келушілердің болу уақыты тоқтатылып, 16 мекемеден қонақтар шығарылды. Оның ішінде:

Медеу ауданының аумағында:

1.  «Небо» ресто-бары (Достық даңғылы, 192/2);

2. «ЧайLa kitchen» мейрамханасы (Абай даңғылы, 17);

3. «О2» клуб-бары (Қажымұқан көшесі,43);

4. «Late night show» бары (Назарбаев даңғылы, 124);

5. «Шишка Edition» бары (Қажымұқан көшесі,49);

6.  Боди массаж салоны (Оспанов көшесі,54).

Алмалы ауданы:

1.    Red Dragon дәмханасы (Гоголь көшесі, №87 үй);

2.     «Арена» компьютер клубы (Гоголь көшесі, №58 үй);

3.    «Арагоста» дәмханасы (Жамбыл көшесі, №129 үй);

4.   «Бинго» лото клубы (Масаншы көшесі, №61 үй);

5.   «Аура» компьютер клубы (Қашқар көшесі, №69 үй);

6.   «Блэк» кафе-бары (Назарбаев даңғылы, №57 үй);

7.   «Бинго» лото клубы (Сейфуллин даңғылы, №519 үй.);

8.    Лото клуб (Абай даңғылы, №143 үй);

9.    «Пират» дәмханасы(Толе би көшесі, №207а үй);

10.     «Гранд-Опера» қонақүйі (лобби бар қызмет еткен) (Қабанбай батыр көшесі, №136/1 үй).

Барлық анықталған заңбұзушылықтар бойынша материалдар тиісті шараларды қабылдау үшін берілді. Сонымен бірге карантин шараларын қатаң ұстану және тәртіп бұзушылықтарды жою қажеттігі туралы түсіндіру жүргізілді. Сонымен қатар, тексеру шаралары барысында түнгі топтар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша 20 маскалық режимдегі құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Алматы әкімдігі кәсіпкерлік субъектілерінен меншік нысанына қарамастан санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын бұзбауды сұрайды. Мегаполис тұрғындары мен қонақтарына, әсіресе 65 жастан асқан кісілерге адамдар көп жиналатын орындарға бармау ұсынылады.

Бизнес нысандары белгіленген жұмыс режимін сақтауы және қаланың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен белгіленген барлық талаптардың толық орындалуын қамтамасыз етуі қажет: персонал мен келушілерді термометриялауды жүргізу, персоналды медициналық маскалар мен қолғаптармен қамтамасыз ету; қолды дезинфекциялау үшін санитайзерлер орнату; 4 шаршы метрге 1 адам есебінен келушілер санын шектеуді қамтамасыз ету; әлеуметтік белгілер болған кезде сауда залдарына кіруді жүзеге асыру; келушілерден бетперделердің болуын талап ету;; келушілердің жиналуын болдырмау және әлеуметтік алшақтықтың сақталуын қамтамасыз ету; іргелес аумақты дезинфекциялауды тәулігіне кемінде 1 рет жүргізу.